Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Grammy» сыйлығының иегерімен бірге ән жазып жатыр.

Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Жақын арада Грэмми жүлдесінің иегерімен дайындап жатқан дуэтімізді күтіңіздер…», – деп жазды әнші.

Әншінің сөзінше, ән жақын арада тыңдарманынан жол тартады. Десе де әнші кіммен бірге ән жазып жатқанын жасырып қалды.