Қазіргі қазақстандық жас әншілер қазақ композиторларының әндерін орындауға құлықсыз. Олар шетелдік әуендерді жақсы көреді. 

Қазақ радиосының "Көркемдік кеңес" бағдарламасында атақты әнші Роза Рымбаева осылай деп мәлімдеді.

«Мағыналық, ноталық бағытын бұзбауың керек. Совет Одағы кезінде әннің авторларынан рұхтсат сұрап, кавер орындағанмын. Қазіргі кезде біздің жастар біздің қазақ композиторынан гөрі, басқа елдің композиторларының әндеріне текст жаза салғанды жақсы көреді. Онымен қоймай, клип түсіріп, тіпті концерт беріп, рұқсат етілмейтін нәрсені жасап жатыр. Қазақ ұлтының әншісі болғандықтан, біздің ең бірінші мақсатымыз ұлт мәдениетін көтеру ғой. Ұлт композиторын көтеру, ұлттық әндерді сол деңгейге жеткізу, халықаралық деңгейге жеткізу. Сол әндермен қазақ халқының мәдениетін көтеру», - дейді Роза Рымбаева.