Қаңтардың 25-і күні "Қазақ радиолары" ЖШС-ң Бас директоры Мәди Манатбекұлы ұжымға кадрлық өзгерістер туралы хабарлап, жаңа басшылықпен таныстырды.

Қазақ радиосына ақын Назира Бердалы, Шалқар радиосына ақын Қалқаман Сарин директор болып тағайындалды. Шалқар Радиосының Бас редакторлығыына Мұхтар Тұртаев бекітілді.

Сондай ақ, "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директорының орынбасарлығына Әзімхан Аусатов бекітілді.

   Әзімхан Аусатов әр жылдары  Қазақ радиосында редактор,  ақпараттық-сараптамалық және таңғы бағдарламалар редакциясы жетекшісінің орынбасары, аймақтар редакциясының жетекшісі, шеф-редакторы қызметтерін атқарып келді.

   Нәзира Бердалы еңбек жолын «Qazaqstan» телеарнасында таңғы бағдарламалардың редакторы болып бастаған. Әр жылдары телевизия саласында  жүргізуші, шығармашылық топтың жетекшісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет етті. ҚР Президентінің әдебиет саласындағы сыйлығының иегері. Қазақ радиосында "Ақ отау" және "Бұл - менің жүрегім" бағдарламаларын жүргізеді.

   Қалқаман Сарин 2013 жылы «Астана» телеарнасында «Кеш емес» саяси-әлеуметтік ток-шоуының және 2016 жылы «Qazaqstan» арнасында «Ой-толғау» бағдарламасының жүргізушісі болды. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының, ҚР Президент қоры грантының иегері. Қазақ радиосында "Қауырсын ғалам" бағдарламасын жүргізеді.