1.Сағынып жүрмін әлі де сені,
Сағыну өмір заңы деседі.
Аңсап өткенді қанша көктемді,
Шығарып салдым қимай.
Жанымды қинай,
Тағдырыма кеттің сен сыймай.

[Қайырмасы]
Неге жүрек бір сәт тынбайды,
Неге мазалайды бұл қайғы.
Неге неге күлкімді ұрлайды неге,
Неге сезім сөніп қалмайды.
Неге сені ұмыта алмайды,
Неге адамды үміт алдайды неге.

2.Әзірге амал жаралы бірақ,
Жапырақ жүрек барады қурап.
Еркелегенің өртенген емің,
Бәрі де бүгін арман.
Азапқа салған ақ құсымсың алыста қалған.

[Қайырмасы]
Неге жүрек бір сәт тынбайды,
Неге мазалайды бұл қайғы.
Неге неге күлкімді ұрлайды неге,
Неге сезім сөніп қалмайды.
Неге сені ұмыта алмайды,
Неге адамды үміт алдайды неге.

Қол жетпес арман,
Ақ құсымсың алыста қалған.

[Қайырмасы]
Неге жүрек бір сәт тынбайды,
Неге мазалайды бұл қайғы.
Неге неге күлкімді ұрлайды неге,
Неге сезім сөніп қалмайды,
Неге сені ұмыта алмайды.
Неге адамды үміт алдайды неге(3)

Сағынып жүрмін...