Жалпы, «Қуыршақ театры» бізге керек пе? «Қуыршақ театрының» бүгіні мен болашағы, өскелең ұрпақтың санасына, тәрбиесіне әсері қандай? Сондай-ақ, балалар театры төңірегіндегі түйіткіл мәселелер бар ма?

Осы туралы Нартай Сауданбекұлының «Сахна сыры» бағдарламасына қонаққа келген Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» әртісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Досымхан Бейсенбаев айтып берді.
«Біз 50 елдің қатарына қосылу үшін де алдымен мәдениетімізді көтеруіміз, мәдениетті болуымыз керек деп санаймын. Ол үшін алдымен баланы театрға апару керек. Себебі, бала театрға келіп, ондағы қызықты да әсерлі қойылымдардың негізінде ақ пен қараны әділеттілік пен әділетсіздікті, жақсы мен жаманды айыруға үйренеді. Біз тек, бала психологиясына негізделген, балаға керек дүниені ғана қоямыз.
Бірақ, «Әттең-ай» дейтін тұстар бар: әртістер жетіспейді, режиссерлер жоқтың қасы, драмматургия ақсап тұр, қуыршақ жасайтын шеберлер, қуыршақ салатын суретшілер тапшы, яғни, саусақпен санарлық! Осы олқылықтардың орынын толтыру керек...»