Атақты IKEA компаниясының негізін қалаушы Ингвар Кампрад 91 жасында өзінің туған жері Оңтүстік Швецияның Смоланде қаласындағы үйінде қайтыс болды.

Бұл туралы бүкіл әлемдік БАҚ жарыса хабарлауда. Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметі де осыны растады.

Ингвар Кампрад 1926-жылы Смоланде де дүниеге келіп, ХХ ғасырдың ең ірі кәсіпкерлерінің бірі болды. Ол мектеп оқушысы болып жүрген кезінен-ақ бизнеспен айналыса бастаған. Кішкентай кезінде көршілерге сіріңке сату арқылы бизнес жүргізген. Небәрі 17 жасында осы компанияны құрған.

Айта кетейік, шведтік өнеркәсіп-сауда компаниясы IKEA - әлемдегі жиһаз және ас үйге қажет заттар шығаратын ең ірі бөлшек сауда желілерінің бірі. Толық атауы — IKEA, яғни, International Group. Штаб пәтері - Оңтүстік Голландия провинциясындағы Делфт  қаласында.