Ақын, спорт журналисі Есей жеңісұлы Қазақ радиосының «Біздің мейман» бағдарламасында қонақта болып, 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындары жайлы ойларымен бөліскен спорт журналисі қысқы спорт түрлерінің бүгіні мен болашағы және қысқы олимпиядаға спортшылардың дайындығы туралы айтып берді.

-XXIII қысқы Олимпиадаға Министрліктың хабарлауы бойынша 63 жолдама болып қалуы мүмкін. Меніңше бұл жаман емес. Қысқы спорт шеберлеріне тоқталсам, соңғы жылдары мәнерлер сырғанау спорты дамыды.
Денис Тенен үмітіміз зор. Алайда, Тен соңғы кезде жиі жарақаттанатын болды. Бұл жеке орындаушылық үлкен спорт, сондықтан оңай емес. Денистің қарсыластары да күшейіп, уақыт озға сайын дамып келеді. 5-орынға жылжып жүлделі орындардан көрініп жатса оның өзі үлкен жетістік! Дениске көп қолдау көрсетуіміз керек!
Ал, Биатлон спортына келсек, аса бір көрнеткі спорт түріне айналды. Биатлонан жүлдеге үмітіміз зор. Шаңғы спортында Смирновтан кейінгі эстафетаны Алексей Полтаранин жақсы жалғастырған еді. Қазір Евгений Володько, Малышева сияқты жас толқындар бар.Сол сияқты мәнерлеп сырғану, хоккей, шорт тректан «жоқтан бар пайда болды».
Мәдеғали Қарсыбеков деген ағамыз Оралда жанын салып жүріп, осы спортты дамытты. Сондықтан халық алдында қысқы спорт мектебі бізде өзіндік деңгейде қалыптасты деп айта аламын.