Біздің елде ресми еңбекке жарамды 9 млн. халық бар. Өкінішке орай соның ішінен 28%-ы орта мектеп білімінен шектелген. Жұмыссыздардың 32%-ы орта білімді. Жеке кәсіптерін дөңгелетіп жүрген 2 млн адамның тең жартысында кәсіби білімі жоқ.

Осы мәселе төңірегінде «Әлеумет» хабарының қонағы, кәсәподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов сөз қозғады.
«Біз еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дұрыс таңдап алуымыз керек. Сондықтан кәсіптік оқытуға көңіл бөле отырып, оның оқуына тікелей жұмыс берушілердің өзі қатысқандығы өте маңызды екендігін айтқым келіп отыр. Тіпті сол жұмыс берушілердің базаларының оқулық орталықтарында оқытып, дуалдық оқытудың элементтері басым болу керек. Сол кезде оқып жатқан адам үшін ертеңгі күні жұмысқа орналасу мүмкіндігі кеңірек болады. Жастардың арасында кәсіби бағыттау жұмысын жүргізуіміз қажет. Осы мәселені жоспарлап, жақын арада Самұрық қазына ұлттық холдингімен кәсіподақ мектебін ашу жөнінде үлкен мемарандумға қол қойғалы жатырмыз» - дейді Біржан мырза.