«Арай» тобының экс-әншісі Рысбек Аташ пен «Шудың бойында» әнінің авторы Бағдәулет Арыстан осы маусымда Тұрсынбек Қабатовтың «КТА» жобасында өнер көрсететіні жайлы мәлімдеді.
Бұл жайлы өнерпаздар Астана радиосының «Біздің уақыт» жобасында айтып берді.
Біздің жағымды жаңалығымыз бар. Екеуіміз осы маусымнан бастап Тұрсынбек Қабатов бауырымыздың «КТА» жобасында ойнағалы жатырмыз. Маусымда «Шу-Чу» командасының атынан өнер көрсетеміз. Бауырларымыз қоңырау шалып, ұсыныс білдіргеннен кейін қолдарын қайтара алмадық. Сөйтіп, кәдімгідей іріктеу кезеңіне қатысып, 50 команданың арасынан 24 команда іріктеліп, осы маусымға жолдама алдық. Жақсыны, көрмекке жақсы деп әзіл әлеміне де келіп қалдық – дейді әртістер.