Соңғы жылдары WhatsApp желісінде сырт мемлекеттерден келетін жеміс-жидектер жайлы түрлі қауесет тарап жүрген баршамызға мәлім. Бұл жаңалық қаншалықты шындыққа жанасады.

«Аграрлы Қазақстан» бағдарламасының қонағы, Астана қаласы бойынша ауылшаруашылық аумақтық инспекциясының жетекшісі Әлиев Мұхтар Серікұлы осы мәселе жайлы айтып берді.
"Мұндай жағдай анықталып жатса, біздің байланыс телефонымызға хабарласып немесе тікелей хат жазса болады. Хабар түскен бойда мамандарымыз тікелей шығып, прокоратураның рұқсатын алып тексереді. Біз шағым алып барып, іске көшеміз. Әрине, бару-көру біздің тікелей міндетіміз. Әзірге Астана қаласында ондай жағдай анықталған жоқ. Басқа жерде болса болған шығар. Мұндай қауесеттер расталған жағдайда біз хабарлаймыз" – дейді Мұхтар Серікұлы.