«Қазақ әндерінің тақырып аясы және жаңалықтары» тақырыбында «Көркемдік кеңес» бағдарламасында пікір білдірген белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазин ән мен бірге әншілерді да таразылау керектігін айтады:

Серікзат Дүйсенғазин:
Мемлекеттің бас арналарына шығатын әншілер бөлек болу керек деп санаймын! Біздің арналарда бәрі араласып кетті. Эфирді толтыру үшін тойдың әншілерін де, басқасын да шығара береміз. Соларды сүзгіден өткізіп, реттеу керек. Ұлттық арна бұл мәселені көтерген болатын. Сапа үшін мүмкін әншілерге арнайы лицензия беру керек болар?! Осы бағытта Қазақ радиосындағы көркемдік кеңестің жұмысын жоғары бағалаймын.