Елімізде жалпы 9 000 000 әйел бар. Бүгінде оның 697 мыңы іскер әйелдер.  Олар тек қана ер адамдар ақша тауып, отбасын асырауға тиіс деп санамайды. 

Нақты статистикалық мәліметтерге сүйенсек,  әйелдер қауымының 42 пайызы жеке кәсібін дөңгелеткен. Бұл туралы Қазақ радиосының «Бизнес әлемі» бағдарламасында айтылды. 

16-62 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті әйелдердің саны – 5 000 000-нан асады.   Соның ішінде, бизнес ледилердің саны – 600 мыңнан асады.
Гендерлік теңдік бойынша Қазақстан 134 елдің арасында  41 орында. Тіпті,  қазақтың іскер  қыздары Франция, Италия, Венгрия мемлекеттерінен де алда тұр.

Кез-келген бизнес үлкен тәуекелді, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қай сала болмасын. Енді әр саланың өзінің қиындықтары бар. Өзінің ауыртпашылықтары бар. Ең алғаш бизнесті кішігірім өндіріс орнынан бастадым. Қазір құрылыс саласындамын. Барлық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ қазіргі жұмысым өзіме аса қиынға соқты деп айта алмаймын.  Әр жұмыстың жемісі болады. Соған жетуге тырысасың», - дейді кәсіпкер Айжан Сабыр.