Тағдыр талайымен дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақтардың бір алуаны Германияның Мюнхен, Кельн сияқтыірі қалаларында 3000-нан астам қандасымыз өмір сүруеді. Мюнхен қаласында тұратын қазақ жасы Өміртай Жаналтай «Қазақ болғанымыз үшін мақтанамыз. Қазақстан деген ана-отанымыз, атамекеніміз бар. Сондықтан келіп көруіміз, білуіміз керек»,- дейді.

    «Жастардың қызығушылғы басым. Түрікше, немісше, ағылшынша білеміз. Алдайда, қазақша жақсы сөйлей алмаймыз, бірақ түсінеміз. Себебі мында қазақ мектептері болған жоқ. Қазақстанға, қасиетті Түркістанға, ауылға барып, қазақтың ауасын жұтып, суын ішсек, ауылды көрсек, салт-дәстүрімізді толық білсек дейміз. Бізге сарайлар, биік ғимараттар, әдемі бау-бақшалар керек емес. Бізге ауылдың өмірі, біздің әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз қызықты, бағалы. Шетелден келген біз сияқты жастардың берері көп. Біздің мемлекетімізге білімізді, бар күш жігерімізді береміз. Біз Қазақстанды жақсы көреміз».