"Барлығы режиссер бола алады, бірақ мықтылары ғана кино алаңында қалады". Белгілі режиссёр, суретші Рүстем Әбдірашев Қазақ радиосындағы «Біздің мейман» хабарында әуесқой киногерлер туралы осылай пікір білдірді.

«Ол да үлкен бағыт. 3-4 жыл болды сол бағытта жұмыс істеп келе жатқан жас режиссерлер де, әншілер де түсіріп жатыр. Мен де үйде отырған кезде ән айтамын. Жастау кезімде өлең жазатынмын. Өлең жазғанның бәрі ақын емес, ән салғанның барлығы әнші емес. Менің көзқарасым сол, қалай болғанда да айналып келген кезде кәсіби мамандар өзінің сол тұғырына ие болады. Заң да сол үшін керек. Кино деген жеңіл – желпі нәрсе емес. Сол ақырындап өзі түзелер. Синтездік өнер болғандықтан, болашақта реттеледі деген ойым бар. Киноға бір келіп, өмір бойы кете алмайтындары болады. Ол, шынымен, сол Алланың берген қасиетті өнерімен өмір сүреді. Ал, келіп кеткендер, 1-2 кинодан аспайды. Өзінің шыққан бағытына қарай қайтып кетеді ғой. Шынымен мықтымын дегендер сол киноның ішінде қалады. Осылай іріктеледі», - дейді режиссер Рүстем Әбдірашев.