Қазақта «Қыз қылығымен жағады» - дейді. Сол қылықты қыздарымыздың қолына қолғап киіп, жұдырықтасқаны қазақы болмысқа жат емес пе?

Бокстағы қаракөздерімізге деген көзқарасы жайлы Шалқар шаңырағындағы «Ұлттық спорт» бағдарламасының қонағы - Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов мырза айтып берді.
«Жоқ деп айта алмаймыз. Қыздікі емес деп айтайын десек, бүкіл әлем айналысып жатыр. Соның ішінде біздің қыздарымыз да әлемді мойындатып, олимпиада ойындарында медаль алып, туымызды желбіретіп, әнұранымызды ойнатып жүр. Қазіргі уақытта қыздар боксын қолдауға тура келіп тұр» – дейді жаттықтырушы.