Қазақтың дәстүрлі ән өнері - бүгінгі ұрпаққа бабадан қалған аманат.
Шалқар радиосының «Отанды сүю» бағдарламасының қонағы - ҚР еңбек сіңірген әртісі, танымал әнші, өнер зерттеушісі Серік Оспанов қазақтың бренд кітабы жайлы сөз қозғады.
«Тапсырыс беріп отыр ғой. Ол кісі басында 500 шақты әнді зерттеп алып келген. Содан кейін Сәкен Сейфуллиннің қабылдауында болып, "осындай еңбек жазып жатырмын" деген екен. Сәкен ол кісіге: «Мұның гонарары аз екенін білемін, менің мойнымда қарыз болмайды, мен сізді риза қыламын» - дейді. Содан 1924 жылы 28-ші қазан күні N1 Қазақ АССР-нің халық әртісі атағын Затаевичке берді» - өнер зерттеушісі.