12 ақпан - Қазақстанның бірінші ханымы Назарбаева Сара Алпысқызының туған күні.
Сара Алпысқызы 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1962 жылы оқу бітіргеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шығады. Бүгінде Дариға, Динара, Алия атты қыздары бар.
1992 жылы елдегі ана мен балаларды әлеуметтік қорғау, балалар үйлерін қамқорлыққа алу, тұрмысы төмен, жетім балаларға жәрдемдесу мақсатында «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалады. 1994 жылдан «505 - Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті. 1999 жылдан - «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.
1-ші дәрежелі «Достық» орденімен, «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальмен, Халықаралық «SOS-Киндердорф» қорының Алтын медалімен, Балалар құқығын қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін ЮНИСЕФ-тің арнайы наградасымен марапатталған.