Шалқар радиосының «Шалқар шаңырағы» бағдарламасына қонаққа келген – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Қапаш Құлышева өз есімінің ерекшелігі жайлы айтып берді.

Атымның ерекше тарихы бар. Анам мені 3 күн толғатып, қиналған екен. Таң ата, күн бозарып келе жатқан кезде дүниеге келіппін. Анамды қанша қинағанмен, дүние есігін әндетіп ашыппын.

Содан әжелеріміз: «Бұл баламызға көз тимесін, сондықтан жаңылтпаш ат қояйық» - десе керек. Таңның шапағында туғанмын ғой. Сөйтіп «Шапақ» дегенді кейін қарай аударып, «Қапаш» деп қойыпты.