Ата бабамыз бізге мұраға қазақ жылқысын тастап кетті. Сол жылқының гендік қорын сақтау керекпіз. Бұны біз жоғалтып алатын болсақ, келешек ұрпаққа қастандық жасаған боламыз.

Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, жылқытанушы Қайрат Исқан осы мәселе жөнінде өз ойын білдірді.
«Гендік қор дегеніміз – өзін-өзі сақтай алатын, азық таба алатын, құлынын қасқырға бермейтін гендік қасиеті бар жылқы. Қазір мұндай жылқы жоқтын қасы. Осы мәселеге байланысты Қазақстанда өнімдік және заводты екі палата құрылды. Әрбір жылқы өз бағытына қарай тіркелсе, жүйелі түрде асылданады. Өкінішке қарай, біздің палатамызға жылқыларын кіргізгісі келетіндердің қарасы өте аз. Көбі «Өзіміз асылдандырып жатырмыз» деп ерінеді. Осының кесірінен қазақ жылқысынан айырылып қалуымыз да мүмкін. Бүгін-ертең болмаса да, 20-30 жылда бұл фактор көрінетіні айқын» -, дейді жылқытанушы.