ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттейтін журналистерге арналған оқу курсын жүргізбек.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов баспасөз мәслихатында бұл туралы өз пікірін білдірді.
"Қазіргі кезде жемқорлар өте білімді. Олар шетелдік оффшорлы шоттар арқылы бір-біріне ақша аударып, электронды валютамен жұмыс істейді. Журналистер мен қоғам бұл процесстің қалай жүргізілетіні жайлы білуі қажет. Сол себепті осындай бағыттағы арнайы курстар ашылады. Мен де бұл курсқа сіздермен бірге қатысатын боламын. Бәріміз бірге мемлекеттік қызметтің өз деңгейде жұмыс істеуін қадағалауымыз қажет!" - дейді қайраткер.