Ресейлік «Уфа» футбол клубы Тараз елінің тумасы жас талант Еркебұлан Сейдахметпен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Еркебұлан Тараз қаласының «Монтажник» футбол клубында тәрбиеленген. Қазақстанның әр түрлі жастағы жасөспірімдер құрамасына шақырту алып, 2017 жылдың Қазақстан U – 21 жастар құрамасында алғашқы ойынын өткізді.

«Гранаткина – 2017» турнирінде Еркебұлан үздік шабуылшы атанып,Голландия журналистерінің көзіне ілініп, «Қазақтың Мессиі» деген лақап атқа ие болды.

«Уфа» клубының сапында 2 жолдастық кездесу өткізіп, 1 гол және 1 нәтижелі пас беріп үлгерген.