Ең байырғы оқу орындарының бірі Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне биыл 90 жыл толғалы отыр.

Шалқар радиосының «Сын мен Шын» бағдарламасының қонақтары - Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Тебегенов Темірхан Сақатұлы мен «Ұлағат» баспасының директоры Ізбасаров Манарбек Ешмұханбет мырзалар өз жаңалықтарымен бөлісті.

Ұлттық педагогикалық университет - бұл Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны, қара шаңырақ. Әрине, арғы тарихы Алаш зиялыларының Ташкент шаһарында бастаған халық ағарту институтынан басталып, оның аяғы ресми түрде 1928 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті деп ашылды. Биылғы той тек университеттің 90 жылдық тойы емес, бұл жалпы білім беру ісінің құрылғанына 90 жыл ретінде атап өту жайлы ұсыныс енгізіліп жатыр.