«Астана» футбол клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга Араб елінің «Әл-Насср» клубына қомақты қаржыға кеткені баршамызға мәлім. «Конголық ойыншының орнын кім басады?» деген сұрақ жанкүйерлерді мазалап жүргені сөзсіз.

Қазақ радиосының «Пенальти» бағдарламасының қонағы – «Астана» футбол клубының баспасөз қызметкері Асқар Хамиденов мырза осы сұраққа жауап берді.
«Станимир Стоилов айтқандай: «Бізге дәл қазір оның орнын басатын ойыншыны табу қиын». Дегенмен команда сапында жасындай жарқылдауға Джордже Деспотович, Алексей Щеткин есімді ойыншылар дайын. Өйткені, ол ойыншылар өзінде бар 100% мүмкінді толықтай пайдалану керек. Сондықтан менің ойымша алдағы «Спортинг» клубымен болатын ойында конголықтың орнын басатын ойыншы - Джордже Деспотович деген ойдамын» -, дейді баспасөз қызметкері.