Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Бородюк жақында орнын босатты. Ресейліктің кеткенін естіген жанкүйерлер «Болашақ бапкер кім болады?» деген сұраққа жауап ала алмай отыр.

Қазақ радиосы «Пенальти» бағдарламасының қонағы – «Астана» футбол клубының баспасөз қызметкері Асқар Хамиденов мырза осы жөнінде пікір білдірді.
«Жанкүйерлердің қуанышына орай Бородюк орнынан кетті. Біздің қазақ футболы үшін өте керемет жаңалық. Жақсыбек мырза өз сөзінде: «Бородюктің кандидатурасын мен де қолдамаған едім» деген болатын. ҚФФ басшысы Азамат Айтхожин: «Қазіргі таңда ұлттық құрамаға 5-6 бапкер үміткер ішінде Стоилов пен Байсуфинов бар» дегенмен, біздің басшымыз Саян Хамитжанов оны жоққа шығарып отыр.
Десе де жаттықтырушымыз болмағанымен, алдағы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткіземіз. Венгрия және Болгария құрамаларымен ойнаймыз. Ол ойындарға кім алып баратыны әзірге белгісіз» - дейді баспасөз қызметкері.