Әуе толқын арқылы ақпараттық, қоғамдық саяси жанрдағы хабарлар, сонымен қатар, әдеби және музыкалық шығармалар таратылады. Осы жанрдағы бағдарламалар тыңдаушыға етене таныс.

Әлем бойынша спортшыларға арналған радиохабарлардың саны өте аз. Ол барша жұртқа мәлім.

Дегенмен, кейбір спорт түрлерін радиодан насихаттау мүмкін емес. Спорт комментаторы Лилиана Әлжанова дәл осындай пікірде. 
«Спорт болған соң, көрермен көзімен көру керек. Спортшылардың сырт келбеті, олардың киім киінісі барлығы көрермен үшін маңызды. Спорттық радиохабарлардың болғаны дұрыс. Әсіресе, жол үстінде кетіп бара жатқан жолаушы үшін өте қолайлы деп ойлаймын. Бірақ, кейбір спорт түрлерін радиодан насихаттау мүмкін емес. Мәселен, мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, синхронды жүзу сияқты спорт түрлерінен ақпарат тарату қиын болады. Спортшылардың қимыл-қозғалысымен, қиын трюктерін тек көзбен көру керек. Қара күш иелерін насихаттау тиімді болар» - дейді спорт комментаторы Лилиана Әлжанова.