Кеңес одағы тұсында қазақ бір ғана «Абсент» жылқысымен әлемге танылды. Ал, қазір неге сол "Абсенттер" шықпайды?

«Шалқар шаңырағындағы сұхбат» бағдарламасының қонағы – «Арғымақ» танымдық сайтының бас редакторы Ержан Жаубай мырза осылай пікір білдірді.
«Тәуелсіз болдық, ғалымдарымыз жұмыс істеп жатыр, жылқы заводтарымыз бар. Бірақ, нәтиже жоқ.Адай жылқысы бар. Ол жылқы 160 км алыстыққа шаршамай шаба алады. Мысалы қазір әлемде «Кросс» яғни, алысқа шабу жарысы бар. Францияда өткен жарыста «Адай» жылқысы қазақтың абыройын асқақтатты. Ал біз соны дәріптей алдық па? Тіпті кей азаматтардың Адай жылқысы сондай қашықтыққа шабады дегенге сенгілері келмейді. Мұның бәрі - насихат жоқтықтың белгісі»