Ақындар айтысын ұйымдастырушы, ақын Жүрсін Ерманның жарты ғасырға жуық уақыт еншісінде атқарған қызметін халық ұлттық өнер тарихында қалар ерен іс деп бағалайды.
«Шалқар» радиосының «Таңжарық» бағдарламасына берген сұхбатында Жүрсін Ерман айтыстағы жастардың бүгінгі келбеті мен шабысы жайлы пікір білдірді:
«Біздің жас күніміздегі телевизиялық айтыс пен қазіргі айтыстың айырмашылығы жер мен көктей. Бұл - жаман құбылыс емес. Ең алғаш 1984-жылы телевизиялық айтысты бастағандар - егде ақындар еді. Ол кезде сөзге тыйым, цензура бар болатын. Ақындардың аузынан шыққан әрбір сөз халыққа тез тарайтын, халық соны ынтыға, асыға күтіп отыратын. Сол тұста айтыстың көркемдік деңгейі осал болғанымен, ықпалы зор болатын. Қазір айтыс жасарып кетті. Бір қуанарлығы- қазақтың қай түпкірнен болса да, 25-30 арасында өте әлеуетті жас ақындар қалыптасып келеді. 40-қа таяп қалған тәжірибелі ақындарымыз «айтыстан енді кету керек, сақа болдық» дегенді естіп жатамын. Соларды шыдатпай жатқан жас ақындардың екпіні болу керек»- дейді айтыс жанашыры.