Кәрі құрлықтың ең үздік додасы UEFA Чемпиондар Лигасы жанкүйерлердің назарына қайта оралды.
Ақпанның 13-нен 14-не қараған түні Чемпиондар Лигасының ширек финалының алғашқы ойындары өтті. Орталық матч Ювентус-Тотенхэм арасында өтті. Алаң иелері төреші ысқырық шалысымен тізгінді өз қолдарына алып, аргентиналық сұрмерген Игуаинның арқасында ойынның 2 минутында гол соқты. Екінші голды да аргентиналық 9 минутта салды. Туринге кемі тең нәтижені көздеп келген Почеттино шәкірттері ойынның 35 минутында Кейннің арқасында жауапты гол соғып, ойынның 72 минутында Эриксеннің көмегімен таразы басын теңестірді. Жолдама тағдыры Уэмблиде шешіледі.

2-ші ойын Швейцарияда Базель-Манчестер сити арасында өтті. Бұл ойында Гвардиола шәкірттері Швейцарияны 20 дүркін чемпиондарын тас талқан етті. Есеп 0-4.

Естеріңізге сала кетсек, Аптаның ең үздік ойыны Испанияның Мадрид қаласында Реал-ПСЖ арасында өтпек. Әлемнің назары Португалдық Криштиано Роналду мен бразилиялық Неймарға түсіп отыр. Ойын 14 ақпаннан 15-іне қараған түні Астана уақыты бойынша 1:45-те өтеді.