«Қайрат» футбол клубының сұрмергені Жерар Гоу қытайлық клубқа ауысқаннан кейін, алматылық клуб шабуылшыға мұқтаж. Бар-жоғы 3,5 жылдың көлемінде қарсыластар қақпасына 80 гол соққан Джерридің орнын кім басады?

Алматылықтардың президенті Қайрат Боранбаев жанкүйерлерді көп алаңдатпай, уругвайлық Уго Сильвейрамен ресми келісім-шартқа қол қойды.Алматылық клуб уругвайлық спортшыны 2018 жылдың соңына дейін жалға алған. Шабуылшы бапкердің көңілінен шыққан жағдайда, футболшының құны 1,600000 АҚШ долларын құрамақ.

Уго бұған дейін «Серро Порьено» және «Насьональ» клубтарында өнер көрсеткен.