13 ақпан - Дүниежүзілік радио күні. Осыдан 72 жыл бұрын дəл осы күні «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты. Бұл мерекеге орай ЮНЕСКО - ға кіретін көптеген мемлекеттер радиотарату компанияларының қатысуымен түрлі іс - шаралар ұйымдастыруда. Биылғы жылды осы мереке аясында спорттық хабар тарату тақырыбына арнап отыр. Атаулы күнге  байланысты Шалқар Ұлттық арнасындағы «Алматы түні» бағдарламасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азулай өз пікірімен бөлісті.

«2018 жылды ЮНЕСКО дүниежүзілік радио күнін – спорттық хабар тарату тақырыбына арнап отыр. Қалай айтсақ та, радио спортқа тән ынтагерлік сезімін жеткізудің тамаша құралы. Ол сондай-ақ, әділдік құндылықтарын, командалық рухты және спорттағы теңдікті таратуға мүмкіндік береді. Радио спорттық алаңдарда және одан тыс жерлерде болған. Өкінішке орай, нәсілдік стереотиптермен ксенофобияға қарсы күресте бізге көмектеседі. Бұл элиткалық жарыстардан тыс дәстүрлі спорт түрлерінің кең ауқымын қамтуға үлкен мүмкіндік береді. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін күрес - бұл қызметтің негізі болып табылады. ЮНЕСКО-ның қолдауымен дайындалған дүниежүзілік мониторинг есебіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында спорт бағдарлама тек 4 %-ы әйелдер спортына арналған. Спорттық бағдарламалардың тек 12 пайызын әйелдер құрайды. ЮНЕСКО БАҚ-та әйелдер спортын кеңейтуді әуедегі гендерлік кемсітушілікпен күресуді және спорттық медиада бірдей мүмкіндіктерді қорғауды қолға алуда. Бұл ауқымды міндет. Бүкіләлемдік радио күнінде радионы әрі қарай тәуелсіз және плюралистік дамытуға күш салуымыз қажет», - дейді ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азулай.