«Тәңір жаратқан талант, Қазақстанның жауһары, сахнаға көтерілісімен сан мыңдаған тыңдарманның жүрегін жаулап, жанарларын өзіне қадалтып, қошаметтеріне бөленетін, Weibo-дағы миллиондаған жанкүйерлерінің ықыласына іліккен жарық жұлдыз».

«Weibo Аwards» марапаттау кешінде кеш жүргізушілері Димашты осылай деп таныстырды.

Димашқа 2018-жылдың алғашқы марапаты да осы сайт жобасынан бұйырған болатын. Димаш Weibo Аwards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясымен марапатталған еді.

Ал, Weibo туралы айтар болсақ. Sina Weibo Қытайдағы ең танымал әлеуметтік медиа-сайттардың бірі. Бұл желіні Sina Corporation компаниясы 2009 жылдың 14 тамызында іске қосты және 2012 жылғы желтоқсанда 503 миллион адам тіркелгені жайлы дерек бар. 2015 жылдың үшінші тоқсанында Sina Weibo 222 миллион абонентке және 100 миллион тұрақты пайдаланушысына ие болған. Weibo арқылы күн сайын 100 миллионға жуық хабарлама жіберіледі екен.