Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Физика-химиялық талдау және зерттеу орталығының профессоры, б.ғ.д. Г.Е.Жүсіпова жер үстіндегі Limonium өсімдігінің L. gmelinii және L. Myrianthum түрлерін зерттеді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. 

Зерттеу барысында субстанция өндірісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік регламенті жасалды. Зерттеу нәтижесінде Кермек шөбінен тәжірибелік-өнеркәсіптік дәрілік субстанция алынды. Жоба бойынша 33 мақала жарық көрсе, оның 19-ы шетелдік басылымдарда жарияланған. 

Кермек шөбінің тамырын пайдалана отырып дәрі жасау, бір жағынан, осы дәрілік шикізаттың көлемін арттырады және қалдықсыз өндіруге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, кермек шөбінің тамырын қолдану негізінде ҚР азаматтарына жаңа, тиімді, токсині жоқ, баламасыз, аллергия және ағзаның жиынтық реакциясын тудырмайтын әрі ағзаның иммундық қабілетін арттыратын дәрілік препараттар жасауға болады.