Бразилия ұлттық құрамасында доп тепкен Карлос Эдуардо «Ертіс» футбол клубының қатарына келіп қосылды.

30 жасар бразилиялық көпшіліктің назарына «Хоффенхайм» сапында іліккен болатын. Немістік клубтың қатарынан Ресейдің «Рубин» клубына 20 млн еуроға ауысқан.

Сондай-ақ «Гремио», «Фламенго», «Атлетико Минейро» және «Гремио» клубтарының сапында өнер көрсеткен. Бразилия ұлттық құрамасында 6 ойын өткізген.

Әзірге Карлостың павлодарлықтардың сапына қандай келісім шартпен келгені белгісіз.