Рокты қауіпті деп есептеймін. Мысалы, Австралия ғалымдары рок орындаушыларының өзге бағыттағы әншілерге қарағанда 25 жыл өмірден ерте өтетінін анықталған екен. Өйткені мұндай әуеннің қуаты, ырғақтың күші бәлкім жүрекке де ауыр.

«Көркемдік кеңес» бағдарламасында «Әншілердің стильдері мен бағыттары» тақырыбында пікір білдірген Қазақ радиосының дикторы, журналист Мұхамедәлі Болатұлы осылай дейді.

«Өзім рок тыңдамаймын. Алайда рок жанры туралы зерттеп көрдім. Ағылшын елінде жағажайда өткен рок кештерінің бірінде балықтар ертесі су бетіне қалқып шыққан деседі. Мысалы, Австралия ғалымдары рок орындаушыларының өзге бағыттағы әншілерге қарағанда 25 жыл өмірден ерте өтетінін анықталған екен. Өйткені мұндай әуеннің қуаты, ырғақтың күші бәлкім жүрекке де ауыр. 24 сағат тынымыз жұмыс істейтін ағза - құлақ. Көз шырымы ілінгенде де тықыр етсе, бірінші құлағымыз естиді. Міне, сол мүшеден қандай нәрсе санаға барады? Осы да өте маңызды»,- дейді диктор