Қытай әлемдегі ең ірі радиоэлектрлік FAST телескобын іске қосты. Бұл туралы CCTV.com хабарлады. 

Радиоэлектрлік телескоптың көлемі мен сезімталдығы жағынан әлемде әзірге аналогы жоқ. Оның диаметрі 500 м болып, 4450 рефлектордан тұрады. Ғалымдар астрономиялық құралдың көмегімен ғаламның пайда болуы мен эволюциясы туралы ғылымды терең зерттеуге ниетті.

Қытайлық мамандар радио телескопты құру бастамасын 2011 жылы жүзеге асыра бастаған. FAST радио телескопының құрылысы 1,15 млрд юаньға (шамамен 173 млн. Долларға) бағаланған.

Жобаның бас инженері Ван Цимингтің айтуынша, алдағы 10-20 жылда қытайлық мамандар әзірлеген телескоп әлемдегі ең жоғары сатыдағы, мүмкіндігі ең жоғары астрономиялық құралдардың бірі болмақ.

FAST телескопы көптеген маңызды ғылыми жетістіктерге жетуге көмектеседі дегенде ғалымдар сенімді. «Бұл телескоп ғарышты зерттеу бағытында адамзаттың қызығушылығын арттырады және Қытайдың астрономия саласында өз позициясы көрсете отырып, зерттеу жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік береді », - дейді Американдық астрофизик Джозеф Хоттон Тэйлор.