Астана қаласының электрондық коммерция орталығында "Astana Post Cooperation" ЖШС  сандық технология бойынша семинар өткізді. Семинарда электрондық коммерция провайдерлерінің біліктілігін арттыру және оларды тұтынушыларға тарату жөнінде тақырып көтерілді», -деп хабарлайды Sina.com порталы.

Компанияның электрондық коммерция жөніндегі директоры интернет-дүкен ашу процесі, сондай-ақ оны басқару, пайдалану тәжірибесі туралы түсіндіреді. Ол Қазақстанда онлайн-дүкендер құруда үш факторды қарастыруы керек екенін атап өтті. «Біріншіден, бізге платформа қажет, екіншіден, логистикалық мәселені шешеміз, үшіншіден, төлем жүйесін енгіземіз»,-деді компанияның электрондық коммерция жөнінде директоры Асқарбек Алшынбаев.

Аскарбек мырзаның айтуынша, Қазақстанда шамамен 70-тен астам курьерлік компания бар. Электрондық коммерция провайдерлері логистикалық мәселені шешу үшін олардың кез-келгенімен келісім жасай алады.

"Қазақстанның электронды коммерцияға қатысты салықтық этикеттің өзгерісі биылғы жылдан бастап енгендіктен, барлық интернет-дүкендер бес жыл мерзімде корпоративтік салық пен табыс салығынан босатылуы мүмкін. Алайда, электрондық коммерция осы саясатты пайдалану үшін үш шартты орындауы қажет: біріншіден, келісімдер онлайн режимде жүзеге асырылуы тиіс, екіншісі өнім ақысын желіде төлеуге, үшіншіден, тауарларды курьерлік компания арқылы ғана тұтынушыларға жеткізу керек деген талаптары бар» деп жазады Қытайдың Sina.com порталы.