Бір кездері композитордың басына қара бұлт үйірілген еді. Шығармаларын ұрланған деп, тіпті сазгерді сотқа да сүйреді.Композиторлар одағынан шығару үшін сылтаулар іздеп, 2000 теңге жарнаны төлемегені деп айып тақты.

Бірақ, бұл арандатушылық әрекеттер артта қалды. Өз шығармаларын қырғыштай қорғаған композитор сотта жеңіп шықты.

Қара күйе жаққандар кешірім сұраған. Бірақ, халық әртісі араласуды қаламайды. Бұл туралы әнші Қазақ радиосындағы «АРМАНДАСТАР» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасында айтты.

«Ұрлық дегенді мен түсінбеймін.Мұқағали ағамның әдемі өлең бар ғой, қазақтың күпі киген қара өлеңін, өзіне шапан жауып қайтарамын.

Мен халықтан ұрламаймын, халықтан алуым мүмкін. Өйткені, халықтың үні – қанық. Менің тұла бойым тұнған халықтың әні, халықтың жыры.

Бір күні ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевпен әзілдесіп, әндердің ұқсастықтарын айтып едім. Сонда ол: Мен Кененнен алайын, сен менен ал! Қандай жарасымды»,- деп айтқан болатын», - ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.