2018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейдегі банктер 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастамайды. Тек Ұлттық банктің филиалдары ғана 2021 жылдың 21 ақпанына дейін қабылдайды.

Мыңдық купюралар төлем құралы ретінде қолданыста бола береді. Оны барлық жерде қабылдауға міндетті.
Заңды төлем құралдары сізден қабылдағысы келмесе, мұндай кәсіпкерлерге бір рет ескерту жасап, қайталанса айыппұл салады.

Айыппұл салу мөлшерлері:
- Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 5 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 АЕК ;
- ірі бизнес үшін – 25 АЕК.