Отбасылық дәрігер дегеніміз әбмебап дәрігер. Мысалы, кез-келген жанұя белгілі бір отбасылық дәрігерді таңдайды. Дәрігер отбасы мүшелерінің барлығының денсаулығын қадағалайды. Шетелде отбасылық дәрігерлер қызыметі жүйелі жолға қойылған. Ал, Қазақстан халқы отбасылық дәрігерлерге сенім арта ала ма?

Бұл сұрақтарға Алматы облысы Талғар ауданы «Кең дала» дәрігерлік амбулаториясының отбасылық дәрігері Гүлнар Ербақытқызы Бекмағамбетова «Бірінші байлық» бағдарламасында жауап берді.
«Біздің амбулатория 1993-жылдан бастап жұмыс жасайды. Сол кезде жалпы Қазақстан бойынша 7 отбасылық дәрігер болған. Соның бірі біздің амбулаторияның маманы Мәдина Әскерқызы. Отбасылық дәрігерге сенім білдірудің бір ыңғайлысы, ол сол отбасы мүшесінің туылғаннан есейіп қартайғанға дейін денсаулығына жауапты болып, емделушінің жалпы жағдайын, ауру тарихын, бәрін біліп отырады. Қай кезде екпе салдырулары керек, созылмалы ауруларын қалай емдеулері керек, соның бәрін ескертіп отырады. Әрі кез-келген уақытта, демалыс күндерінде болмасын, отбасылық дәрігер телефон арқылы кеңес беріп немесе үйге келіп көмек көрсете алады",- дейді эфир қонағы.