Ақпанның 27-сі күні "Алғыс айту күніне" орай «Қазақ радиолары» ЖШС-і «МЫҢ АЛҒЫС!» қайырымдылық кешін өткізеді. Корпорация басшылығының қолдауымен игі іс жасаушыларға, мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген азаматтарға алғыс айту үшін осы шараны өткізу бастамасы қолға алынған еді.

Ай мен күннің аманында түрлі жағдайға тап болғанмиллиондағанадам жақынынан айырылып қалады: олардың бірі – тағдыр тауқыметін тартса, енді бірінде туыстары мен жақынына хабарласу мүмкіндігі болмады. Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы жоқ іздеген жандардың қуанышты кездесуіне себепкер болуда. «МЫҢ АЛҒЫС!» қайырымдылық кеші аясында ана мен бала арада 22 жыл өткен соң сахнада алғаш рет табысады!..

«Жан жылуы» бағдарламасы осы күнге дейін өз кейіпкерлеріне 33 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. «МЫҢ АЛҒЫС!» қайырымдылық кешінде жиналатын қаржы да туабітті суқараңғылық диагнозы қойылған 1 жасар Арманның еміне жұмсалады.

«Ақ отау» бағдарламасы көп балалы, берекелі және мерейлі отбасын насихаттайды. Көп балалы отбасы – ешқандай қаржылық дағдарысқа қарамай, отбасылық құндылықты, махаббат пен қамқорлықты сақтап келе жатқан қоғамдық топтың бірі. Аталған концертте, жетімдер үйінен балалардың жасы мен ұлтына қарамай асырап алған Ақмола облысындағыбір ауылдың тұрғындары болады.

Айта кетейік, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған еді.
Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.