Әншілер эстраданы тез ақша табудың алаңына айналдырған. Табыс той бизнесте, танымалдылық шоу бизнесте. Осындай пікірін әнші Жұбаныш ЖексенұлыҚазақ радиосындағы «КӨРКЕМДІК КЕҢЕС» бағдарламасында айтты.

«Мысалы эстрадажеңіл әрі тез қабылданатын жанр болғандықтан, жалпыхалықтық болып кетті. Соны көпшілігі шығармашылық, әншілік деп қабылдамай, бірінші кезекте жеңіл, тез көп ақша табудың жолына айналдырды. Ол әрине, танымалдылыққа тез жетеді. Танымал болған адам табысты болады. Қазіргі әншілерге концерт керегі де жоқ. Біздің эстрада әншілерінің көбі нәпақасын осы тойдан тауып отыр», - дейді әнші Жұбаныш Жексенұлы.