Бұғының мүйізін емге қолданады. Ал, бөкеннің мүйізін сындырып, не үшін пайдаланады?
Бұл сұраққа Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы – «Охот-зоо-пром» өндірістік бірлестіктің ғылыми қызметкері, аңшытанушы Бахтияр Ташенов жауап берді.

«Шығыс медицинасында ақбөкеннің мүйізін пайдаланады. Одан дәрі жасамайды. Өкпе, жүрек, асқазан ауруларына және адамның организімін бір қалыпты сақтауға биологиялық қоспа ретінде қолданады. Сол себепті қаскерлер бөкендерді заңсыз аулап, мүйіздерін қырқып алып, Қытай мемлекетіне сатады» - дейді аңшытанушы.