5-ші наурыздан бастап Қазақстанда «Мектеп bus» жобасы іске қосылды. Бұл туралы Facebook-те Astana LRT компаниясыжариялады.
Әзірге жоба пилоттық болып табылғанмен, ұйымдастырушылар мұндай шаралар жол кептелісін азайтуға өз септігін тигізеді дейді.

Қазір Мектеп "bus" қызметімен астанадағы №17-ші және №66-шы мектеп оқушылары пайдалана алады.

Компания балаларды тасымалдау үшін 2 түрлі автобустарды пайдаланады: 17-жергілікті Iveco Daily және 58-жергілікті Iveco Crossway.

Мұндай қызметтің құны 5 күн оқитын балалар үшін айына 20 мың теңге болса, алты күн оқитын балалар үшін 23,5 мың. Жол ақысы оқушының көлік картасынан алынып отырады.