ҚР еңбек сіңірген қайраткері Түймехан Атымтаева өмірлік жарын театрда жолықтырған. Жастар арасындағы сезім «Абай» спектаклінде ұшқындаған.

Бұл туралы актриса Қазақ радиосындағы «Сахна сыры» бағдарламасында айтты.

«Әр актрисаның ең есте қалатын сүйікті ролі болады. Бұл спектакль менің өміріме үлкен жол ашты. «Абай - Әйгерім» спекткалінде мен өзімнің жолдасымды таптым. Сол қойылымнан кейін ара-қатынасымыз үлкен махаббатқа ұласты. Шаңырақ көтердік, бала – шағамыз бар. Осы спектакль әлі күнге дейін жадымнан кетпейді»,- дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Түймехан Атымтаева.