Білім беру, қызмет көрсету, медицина салаларында қыз-келіншектер көп. Оқу саласында әйел азаматтардың болғаны дұрыс, бірақ мектептерге мұғалім ретінде ер азаматтар өте қажет.
Қазақ радиосы «Табыс кілті» бағдарламасының қонағы – Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы хатшылығының жетекшісі, іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Керімқұлқызы ер ұстаздардың жетіспейтінін тілге тиек етті.

«Гендірлік теңдес болу керек. Қыз бала өзін қыз бала екенін ер азамат болғанда ғана сезінеді. Егер олар қатар жүрсе, гармония болады. Мұғалімдердің тең жартысы ер азаматтар болу керек. Сол кезде біз бір жанұя боламыз. Отбасыңда әкең мен шешен бар дегендей. Дәл сондай жағдай оқу саласында болу керек».