Бұл туралы Қазақ радиосының "Қайырлы таң, Қазақ елі" бағдарламасында айтылды. 
Автор қарашаның соңында құрастырылған күнделікті баспаға берді. Желтоқсан айында 500 дананы нарыққа шығарды.
Құрастырушы тұлғаның 4 түрлі бағытта дамуына мән берген.
Олар:
- Интелектуалдық;
- эмоционалдық;
- физикалық;
- материалдық даму.
«Бұл негізінен күнделік. Дегенмен, әркімнің өзі жазатын кітабы деп айтуға болатын шығар.  «Менің 2018 жылым» деген. Кітап сияқты жазып шығуына болады.  Басында шынымды айтсам, «Қазақ жігітінің күнделігі» деген күнделік шығару ойыма келді. Кейіннен жігіттерге жігер сыйлайтын жоспарымды өзгертуге тура келді.  Көпшіліктің күнделік жазу әдісімен таныстым.  Күнделікті көбінесе қыз-келіншектер жазады екен. Жұрттың жетістікке қалаймын. Сондықтан,  осы мақсатымды жүзеге асырдым», - дейді филолог Арман Әлменбет.