Қазақстан премьер-лигасының бірінші турында «Қайрат» футбол клубының ресейлік шабуылшысы Андрей Аршавин алматылықтарға жеңіс сыйлады.

Бұл жәйт ресейлік «Евроспорт» сайтының назарынан тыс қалмады.

«Андрей Сергеевич әлі бабында» - дейді танымал басылым.

Жеңісті гол ойынның 86-шы минутында соғылды. Бірінші доп бразилиялық Исаельдің еншісінде. Қорытынды есеп 2-1.
36 жасарлық Аршавиннің Қайратпен келісімшарты осы жылдың аяғына дейін есептелген.