Алла тағала берген өнерге адал бола алмай, қасиетінен айырылып қалғандар бар. Өнерге арамдық жасасаң, өнер сенен қашып кетеді.
«Шалқар шаңырағындағы сұхбат» бағдарламасының қонағы – «Наз» мемлекеттік би ансамблінің солисті, әнші, термеші Зағипа Иманғазиева өнерге адал болудың маңыздылығын айтып берді.

«Бәсекелестік біліммен болу керек. Өйткені, қазір біз тек біліммен ғана бәсекелестік жасай аламыз. Бізде өнер адамдары екі әнді жаттап алады да ары қарай ізденбейді. Өз-өздерін тоқтатып қойып, көбінесе дүние жағына көп көңіл бөліп кетеді. Өнеріне адал адамдар жоқ емес, бар. Өнер жолында адал болып жүру, мықты төзімділік пен сабырлықты қажет етеді. Халықты жалықтырып алмау керек. Өнерді өлтірмеу үшін шын мәнісінде өнерге адал болу керек. Әр адам өзінің ұстанған жолын әрі қарай дамытып ұстап отырса, ол өзіне берілген бақыт, нығмет».