Алтын инені ертеректе Қытай, Корей елдерінде қолданған. Бүгінгі күні шығыс медицинасында алтын иненің ауруға берер шипасы қандай?
Қазақ радиосы «Бірінші байлық» бағдарламасының қонағы – жоғары санатты терапевт дәрігер, шығыс емінің білікті маманы Ержұма Өміржанұлы осы сұраққа жауап берді.

«Негізі адам ағзасындағы ұяшықтарға ине салу арқылы бітелген орындарды ашып, адам денесінің қан айналымын, ішкі зат алмасуын қалпына келтіреді. Алтын иненің дауалап отырған аурулары біршама көп. Бастың ауруы, ұйқысыздық, құлақтың шыңылдауы, мойын, бел, буын ауруларына болған өнім біршама жақсы» - дейді дәрігер.