12 наурыз күні Катмандудағы Тибхуван халықаралық әуежайында құтқарушылар жолаушылар ұшағын тексеріп анықтады.

Непал астанасы Катманду қаласында апатқа ұшыраған ұшақ Бангладеш Республикасының «US-Bangla» авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытай ақпаратының хабарлауынша, ұшақта 71 адам болып, оның ішінде 67 жолаушы және 4 экипаж болған. Бангладеш астанасы Даккадан ұшып шыққан әуе кемесі Катмандудың Трибхуван халықаралық әуежайына қону кезінде құлаған.

Апат орын алған жерге 20-ға жуық жедел жәрдем көлігі жеткен. Қазіргі кезде әуежай қоршауға алынып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат салдарынан жарақат алған 17 адам ауруханаға жеткізілді. Ал, қалғандары іздестірілуде. Сондай-ақ әуежай жұмысы уақытша тоқтатылып, барлық рейстер кейінге қалдырылды.